«Барыс» өз алаңында «Сібірге» есе жіберді

Бүгінгі ойында қонақтар қақпашыға кедергі жасалғанын алға тартып, елордалық ұжым соққан бір гол есепке алынбады.

«Барыс» өз алаңында «Сібірге» есе жіберді ашық дереккөзден

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өз алаңында «Сібір» командасын қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесудің алғашқы кезеңінде есепті қонақтар ашты. Степан Никулин басымдықты пайдаланып, шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Алайда «Барыс» көп ұзамай таразы басын теңестірді. Мэйсон Морелли мергендігімен көзге түсті. Ал үзіліске екі минут қалғанда астаналықтардың капитаны Кирилл Савицкий осы маусымдағы алғашқы голын соғып, командасын алға шығарды.

Екінші кезеңнің басында «Барыс» тағы бір шайба соққанымен, төрешілер «Сібір» бапкерлер штабының сұрауынан кейін голды есепке алмады. Қонақтар қақпашыға кедергі жасалғанын алға тартқан болатын.

Шешуші кезеңде новосібірлік ұжым ойын барысын өз пайдасына өзгертті. Тэйлор Бек сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірсе, Павел Тютнев қақпашыдан қайтқан шайбаны голға айналдырып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барыстың» қатарынан үш матчқа созылған жеңісті сериясы үзілді.

«Барыс» келесі кездесуін 14 қазанда өз алаңында «Автомобилистке» қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу