Данил Анкудинов Испанияда дубль жасады
Данил Анкудиновтың командасы Испания чемпионатының төртінші дивизионында турнирлік кестеде көш бастап тұр.
ашық дереккөзден
Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов «Бергантиньос» командасы сапында екі гол соғып, дубль авторы атанды. Алайда оның клубы «Аросамен» өткен кездесуде жеңісті сақтап қала алмады. Тартысты матч 2:2 есебімен аяқталды.
Матчқа турнир кестесінің көшбасшысы ретінде келген «Бергантиньос» маусымдағы жеңіліссіз сериясын жалғастыруға тырысты. Ал төртінші дивизионға қайта оралған «Ароса» алғашқы жеңісіне қол жеткізуді көздеді.
Кездесудің бірінші жартысында командалар есеп аша алмады. Үзілістен кейін алаң иелері шабуылдарын үдетіп, 60-минутта Хорхе Масейра Гонсалестің голының арқасында алға шықты.
Ойынның шешуші сәттері соңғы минуттарға тұспа-тұс келді. 82-минутта Данил Анкудинов таразы басын теңестірсе, төреші қосқан уақытта, 94-минутта тағы бір гол соғып, дубль жасады. Осылайша қазақстандық шабуылшы «Бергантиньосты» алға шығарды.
Алайда «Ароса» соңына дейін күресіп, 96-минутта Уго Торрестің голы арқылы есепті теңестірді. Нәтижесінде командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.
Бұл тең ойыннан кейін «Бергантиньос» 14 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал «Ароса» төрт ұпаймен кестенің төменгі сатысында келеді.
«Ароса» - «Бергантиньос» - 2:2
Голдар: Хорхе Масейра 60, Уго Торрес 90+6 - Даниил Анкудинов 82, 90+2