Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов U23 әлем чемпионатының финалында белдеседі

Алтын медаль үшін белдесулер 14 қазан күні Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов U23 әлем чемпионатының финалында белдеседі ашық дереккөзден

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбаны 5:4 есебімен жеңді. Осылайша, отандасымыз алтын медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Айбек жарысты 1/16 финалдан бастап, грузиялық Гиорги Кочалидзені 9:5 есебімен ұтты. Одан кейін Ресей атынан өнер көрсететін, әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әлібек Амировты 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ширек финалда жапониялық Сейма Токухарадан 7:3 есебімен басым түсті.

Финалда қазақстандық балуан қазіргі әлем чемпионы, әзербайжандық Эльмир Әлиевпен кездеседі. 

72 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов та финалға шықты. Ол жартылай финалда түркиялық Ибрагим Өздемирді 5:0 есебімен жеңіп, белдесуді алғашқы минутқа жеткізбей аяқтады.

Финалда Юсуфтың қарсыласы армениялық Гаспар Тертерян болмақ.

Осылайша, Қазақстан құрамасының екі балуаны да әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу