World Tennis президенті «Достық» орденімен марапатталды
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтуде.
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Алматыда өтіп жатқан World Tennis Бас ассамблеясы аясында ұйым президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
Марапат халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға, елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және әлемдік теннистің өркендеуіне қосқан үлесі үшін берілді.
Салтанатты рәсімде Қазақстан теннис федерациясының президенті әрі World Tennis вице-президенті Болат Өтемұратов Дэвид Хаггертиге қазақ халқының құрметінің белгісі ретінде шапан жапты.
Айта кетейік, Дэвид Хаггерти 2015 жылдан бері халықаралық теннис ұйымын басқарып келеді. Алматыда 10-13 қазан аралығында өтіп жатқан Бас ассамблеяға 137 елден 262-ден астам делегат қатысуда.