Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанды

Стас Покатилов «Сабахтың» тарихи жеңісіне зор үлес қосты.

Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанды Сабах ФК

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Чехияның «Славия» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Қарсылас мәртебесі жағынан басым көрінгенімен, «Славия» Бакуден ұпайсыз қайтты. Алаң иелері екі гол соқса, чехиялық команда Покатилов қорғаған қақпаның қорғанысын бұза алмады.

Бакудегі Олимпиадалық стадионда өткен кездесуде алаң иелері алғашқы таймда есеп аша алмады. Тіпті Кахим Пэррис соққан гол бейнеқайталаудан кейін офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Үзілістен кейін «Сабах» ойын тізгінін қолға алып, 49-минутта есеп ашты. Пэррис дәл соққысымен командасын алға шығарды.

Матчтың 88-минутында Джой-Ленс Микелс екінші голды соқты. Осылайша, «Сабах» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Сабахтың» екі голын Кахим Пэррис пен Джой-Ленс Микелс соққанымен, кездесудің басты қаһармандарының бірі Стас Покатилов болды. Қазақстан құрамасының қақпашысы қарсыластың қауіпті шабуылдарына тойтарыс беріп, қақпасын голдан аман сақтады.

Матч қорытындысы бойынша Покатилов ең жоғары бағаға ие болып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол алғашқы минуттан соңғы ысқырыққа дейін сенімді өнер көрсетіп, командасының тарихи жеңісіне зор үлес қосты.

Ал «Славия» екі турдан кейін әлі ұпай жинай алған жоқ. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу