Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президентін марапаттады

Президент елімізде су спортына қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президентін марапаттады Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін World Aquatics халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстанда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, халықаралық жарыстар өткізуге және спорт инфрақұрылымын жетілдіруге басымдық беріліп отырғанын айтты.

Хусейн Әл-Мусаллам қазақстандық спортшылардың жетістіктері елдің спорт саласын дамытуда әлеуеті зор екенін көрсететінін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев су спорты түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу