«Қайрат» Конференциялар лигасындағы жорығын Латвияда бастайды
«Қайрат» - «Рига» арасындағы матч Қазақстан уақыты бойынша 21:45-те басталады.
ашық дереккөзден
Бүгін «Қайрат» футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчын Латвияның «Рига» командасына қарсы өткізеді.
Рига қаласындағы «Сконто» стадионында өтетін кездесу Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Алматылық клуб еурокубок маусымын Чемпиондар лигасынан бастаған болатын. Бұл турнирде «Қайрат» черногориялық «Сутьеска» мен кипрлік «Омонияны» жеңгенімен, кейін болгариялық «Левскиге» жол беріп, жарыстан шығып қалды.
Одан кейін қазақстандық команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездесіп, екі матч қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Нәтижесінде алматылық ұжым Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған болатын.