Қазақстанда алғаш рет жасөспірімдер арасында FIP Promises падел турнирі өтеді

Жарыс Алматыдағы ADD Padel & Table Tennis Center спорт кешенінде өтеді.

Қазақстанда алғаш рет жасөспірімдер арасында FIP Promises падел турнирі өтеді ашық дереккөзден

Қазақстанда алғаш рет халықаралық падел федерациясының (FIP) қолдауымен 16-18 қазан аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында FIP Promises падел турнирі өтеді. 

Бұл турнир қазақстандық жас спортшылар үшін маңызды мүмкіндік болмақ. Олар өз алаңында чемпиондық атаққа таласып, алыс және жақын шетелден келген мықты қарсыластармен бақ сынайды.
FIP Promises - жасөспірімдер паделін дамытуға бағытталған халықаралық турнирлер сериясы. Мұндай жарыстар жас ойыншылардың тәжірибе жинақтауына, халықаралық деңгейдегі бәсекеге бейімделуіне және өз қабілетін танытуына жол ашады.

Қазақстанда осы серия аясындағы алғашқы турнирдің өткізілуі елдегі падел спортының дамуына серпін беріп, жас спортшылардың халықаралық аренада тәжірибе жинауына ықпал етеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу