Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионатында әйелдер күресінен 10 қазақстандық спортшы ел намысын қорғауда.

Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек қола медаль иеленді. Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде украиналық қарсыласын 11:10 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Шұғыла өткен жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Ал қалған қазақстандық балуандар жарыстың кезекті кезеңдерінде жеңіліс тапты. 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова қола жүлде үшін өткен белдесуде Үндістан өкіліне 2:7 есебімен есе жіберді.

57 келіде өнер көрсеткен Анна Стратан ширек финалда швециялық балуанға 0:6 есебімен жол берді. Енді оның жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі қарсыласының финалға шығуына байланысты.

62 келіге дейінгі салмақта Тыныс Дубек 1/8 финалда венгриялық балуанға 0:9 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Ал 53 келідегі Динара Дауылқызы осы кезеңде Үндістан балуанына 1:12 есебімен есе жіберді.

72 келіде сынға түскен Жібекжан Сабыржанова ширек финалда Үндістан өкіліне 1:7 есебімен жеңілді. Оның жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі де қарсыласының финалға шығуына байланысты болады.

Сондай-ақ Бекен Жаңыл 1/8 финалда моңғолиялық балуанға есе жіберді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу