Жәнібек Әлімханұлы даниялық боксшымен жұдырықтасады
Бокс кешіне билеттер сатылымы 28 қазанда басталады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы - даниялық боксшы Якоб Банк (20-0, 11 KO).
Даниялық Primetime Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде жариялаған жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді.
Айта кетейік, WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу британдық боксшы Хамза Шираз титулдан ресми түрде бас тартқаннан кейін бос қалған еді. Енді Жәнібек Әлімханұлы осы белбеу үшін жұдырықтасып, әлем чемпионы атағын иеленуге мүмкіндік алады.
Дегенмен қазақстандық боксшыны жеңіліс көрмеген Якоб Банкке қарсы сынақ күтіп тұр. Даниялық кәсіпқой рингте өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 11-ін нокаутпен аяқтаған.