Чемпиондар елге оралды

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері АҚШ-та өткен әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Чемпиондар елге оралды ҚР ҰОК

Грек-рим күресінен U23 әлем чемпиондары Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов Астанаға оралды. Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінің жүлдегерлері мен бапкерлерін елорда әуежайынан жанкүйерлер, туыстары, жас палуандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Қарсы алу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин де қатысты.
Руслан Есеналин Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы нәтижесіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, бес медаль, соның ішінде екі алтын жүлде - спортшылар мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Естеріңізге сала кетейік, Лас-Вегаста өткен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес өкілі жүлдегер атанды. Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алса, Темірлан Тұрдақын күміс жүлдеге ие болды. Ал Арсен Жұма мен Джохар Узаров қола медаль иеленді. Нәтижесінде құрамамыз командалық есепте екінші орынға ие болды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу