Әмір Омарханов Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті
Әлемдік теннис жұлдыздары Алматыда бас қосады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.
18 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингте 618-орында тұр. Ол жарыс ұйымдастырушыларының арнайы шақыртуы (wild card) арқылы іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Алғашқы айналымда Әмір Жапония өкілі Рэй Сакамотомен кездесті. Әлемдік рейтингте 137-орында тұрған жапониялық теннисші іріктеу кезеңінде жетінші нөмірмен тіркелген.
Кездесу 56 минутқа созылып, Сакамото 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Әмір Омарханов Almaty Open турниріндегі өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Almaty Open ATP 250 турнирі 17-25 қазан аралығында Алматыдағы Almaty Arena корттарында өтеді. Бұл Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ATP 250 санатындағы жалғыз жарыс.