Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея құрамасын ірі есеппен жеңді.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатының соңғы матчында Оңтүстік Корея командасын 5:1 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында отандастарымыз турнирді үшінші орынмен аяқтап, қола медаль иеленді.

Қазақстан құрамасы кездесудің төртінші минутында есеп ашты. София Зубкова Аида Олжабаеваның пасынан кейін сан басымдығын сәтті пайдаланды.

Екінші кезеңде Аида Олжабаева есепті еселесе, Пернеш Ашимова Катрин Мескини мен Малика Алдабергенованың нәтижелі пастарынан кейін үшінші шайбаны соқты.

Үшінші кезеңнің басында Малика Алдабергенова есепті 4:0-ге жеткізді. Бұл голға Молдабай мен Буторина пас берді. Ал 50-минутта Муравьева Молдабай мен Турсынованың көмегімен бесінші шайбаны соқты.

Оңтүстік Корея құрамасы матчтың соңына қарай бір шайбамен жауап бергенімен, бұл ойын нәтижесіне әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп 5:1.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу