Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Беларуське қарсы матчпен бастайды

Матч бүгін Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Беларуське қарсы матчпен бастайды ашық дереккөзден

Бүгін, 20 қазанда Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Ұлттық команда Астанада Беларусь құрамасымен сынға түседі.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің негізгі раундында алтыншы топта өнер көрсетеді. Бұл топта Қазақстан мен Беларусьтен бөлек, Албания құрамасы да бар.
Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік төрт команда элиталық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал қалған сегіз құрама қосымша іріктеу матчтарында бақ сынайды.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы кездесу Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Айта кетейік, 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 2028 жылдың сәуірінде аяқталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу