Заңғар Нұрланұлы Almaty Open турнирінде өнер көрсетті
Заңғар Нұрланұлы турнирдің негізгі кезеңіне ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен (wild card) қатысты.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде жекелей сында алғашқы кездесуін өткізді.
21 қазанда Almaty Arena кешенінде өткен бірінші айналым матчында 18 жастағы қазақстандық спортшы Чехия өкілі Томаш Махачпен кездесті.
Әлемдік рейтингте 72-орында тұрған чехиялық теннисші екі сетте 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 3 минутқа созылды.
Жеңіліске қарамастан, жас теннисші ATP деңгейіндегі жарыста әлемнің үздік жүздігіне кіретін қарсыласпен ойнап, тәжірибе жинақтады.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы Almaty Open турнирінің жұптық сынында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликпен бірге өнер көрсетті.