Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы матчтарына шақырту алды

Құраманың кеңейтілген тізіміне 38 футболшы енді.

Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы матчтарына шақырту алды ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Молдова және Словакия құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Құраманың кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – «Астана»), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артем Литош («Шахтер»).

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу