«Барыс» сырт алаңда «Адмиралдан» жеңіліп қалды

Кездесудің тағдыры овертаймда шешілді.

«Барыс» сырт алаңда «Адмиралдан» жеңіліп қалды ашық дереккөзден

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Владивостоктың «Адмирал» командасынан жеңіліп қалды.

Владивостокта өткен кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал овертаймда алаң иелері жеңіс шайбасын соғып, 5:4 есебімен басым түсті.

Тартысты өткен матчта «Адмирал» сапынан Семён Ибрагимов, Либор Шулак, Дмитрий Завгородний және Энтони Камара мергендігімен көзге түсті. Ал овертаймның алғашқы минутында Александр Волков шешуші шайбаны соқты.

«Барыс» құрамында Джастин Бэйли мен Эванс Чейз Приски бір-бір шайбадан соқса, Тайс Томпсон дубль авторы атанды. Алайда қазақстандық клуб есептегі тепе-теңдікті сақтап қала алмады.

Енді «Барыс» қысқа үзілістен кейін сырт алаңдағы ойындарын жалғастырады. Елордалық ұжым 26 қазанда «Автомобилистпен», 28 қазанда Минскінің «Динамосымен», ал 30 қазанда «Шанхай Дрэгонс» клубымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу