Қостанайлық жас теннисші халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

12

Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен «WTT Youth Contender Lignano» халықаралық жасөспірімдер турниріне 30 елдің спортшылары қатысып жатыр.

Қостанайлық жас теннисші халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды Ұйымдастырушылардан

Байрақты бәсекеде Қостанай қаласының жас спортшысы Дагир Данияров қола жүлдеге ие болды.

U11 жас санатында өнер көрсеткен Дагир жарыс барысында бірнеше қарсыласын жеңіп, үздік нәтижелер көрсетті.

Ол италиялық Мартино Ротаны 3:1, Сантьяго Кьеричиниді 3:0 және Баттиста Сбернаны 3:0 есебімен ұтты.

Ал жартылай финалдық кездесуде Қытайдың Гонконг қаласынан келген Сюй Чуньшуньге 1:3 есебімен жол берді.

Осылайша, қостанайлық спортшы халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Дагир Данияровтың жаттықтырушысы – Ғаип Данияров.

Жас спортшыны жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу