Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасының үш өкілі де алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.

Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды ашық дереккөзден

Бүгін, 24 қазанда басталған әлемдік дода аясында 55 келі салмақта Исхар Курбаев Жапония балуаны Кагетора Окамотодан басым түсті. 

77 келіде Мерей Мәулітқанов Оңтүстік Корея өкілі Кан Хён Джинді жеңсе, 1/8 финалда Армения өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Малхас Амоянмен белдесіп, жеңіске жетті.

82 келіде қазаөстандық Ибрагим Магомадов Италия өкілі Лука Дариоцциді ұтты. Осылайша, қазақстандық балуандар әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

60 келіде ел намысын қорғап жатқан әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымнан босатылып, жарысты бірден 1/8 финалдан бастайды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы «Барыс Аренада» өтуде. Араға жеті жыл салып Қазақстанда ұйымдастырылып отырған әлемдік додада отандық спортшылар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 30 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.

Қазақстан құрамасы сапында грек-рим күресінен 55 келіде Исхар Курбаев, 60 келіде Айдос Сұлтанғали, 63 келіде Мейрамбек Айнағұлов, 67 келіде Бағдат Сабаз, 72 келіде Алматбек Аманбек, 77 келіде Мерей Мәулітқанов, 82 келіде Ибрагим Магомадов, 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов, 97 келіде Ислам Евлоев және 130 келіде Олжас Сырлыбай өнер көрсетуде.

Еркін күрестен Қазақстан атынан 57 келіде Мейрамбек Қартбай, 61 келіде Асыл Айтақын, 65 келіде Дастанбек Өсімжан, 70 келіде Санжар Досжанов, 74 келіде Нұрқожа Қайпанов, 79 келіде Шамсат Тайр, 86 келіде Болат Сақаев, 92 келіде Азамат Дәулетбеков, 97 келіде Ризабек Айтмұқан және 125 келіде Едіге Қасымбек бақ сынауда.

Әйелдер күресінен ел намысын 50 келіде Зейнеп Баянова, 53 келіде Айнұр Ашимова, 55 келіде Лаура Алмағамбетова, 57 келіде Алтын Шағаева, 59 келіде Нилуфар Раймова, 62 келіде Ирина Кузнецова, 65 келіде Бейбіт Сейдуалы, 68 келіде Ирина Казюлина, 72 келіде Жәмила Бақбергенова және 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қорғауда.

Әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады. Турнирге 135 елден 900-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты бүгін 17:30-да басталса, 19:00 де жартылай финалдық бәсекелр өтеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу