Дастан Сәтпаев Чемпионшиптегі кезекті ойында алаңға шықты

Бүгін «Бёрнли» ірі есеппен жеңілді.

Дастан Сәтпаев Чемпионшиптегі кезекті ойында алаңға шықты Бернли ФК

Англияның Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бёрнли» 12-тур аясында «Линкольнге» қарсы ойында ірі есеппен жеңіліс тапты. Матч 4:1 есебімен аяқталды.

Матчта есепті «Бёрнли» ашты. 39-минутта Бенин құрамасының шабуылшысы Андреас Унтонджи мергендік танытып, командасын алға шығарды. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында Бен Хаус таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін «Линкольн» ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. 49-минутта Миккель Ладефогед алаң иелерін алға шығарса, 56-минутта Дом Джеффрис есепті 3:1-ге жеткізді. Ал 67-минутта Ладефогед дубль жасады.  Бұл жеңілістен кейін «Бёрнли» сегіз ұпаймен Чемпионшип турнирлік кестесінде 24 команданың арасында 22-орында қалды. Ал «Линкольн» 15 ұпай жинап, 15-сатыға көтерілді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бёрнлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 59-минут өнер көрсетті. 

Айта кетейік, таяуда Дастан Сәтпаев Ұлттық құраманың УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы 13 қараша Молдова және 16 қараша Словакия құрамаларына қарсы өтетін матчтарға шақырту алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу