Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің финалына шықты
Елена Рыбакина мен Лейла Фернандес арасындағы финалдық матч 25 қазан күні Нибодағы орталық кортта Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.
ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы жартылай финалда рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ өзі иеленген алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді қазақстандық теннисші турнирдің финалында канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық спортшы екінші жартылай финалда чехиялық Мария Боузковадан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.
Осылайша, Рыбакина Нинбодағы жарыстың бас жүлдесі үшін таласуға мүмкіндік алып, чемпиондық атағын қорғауға тырысады.