Қазақстандық дзюдошылар Душанбедегі жастар Гран-приінде екі алтын медаль жеңіп алды

Жастар арасындағы Гран-при жарысы биыл алғаш рет өтуде.

Қазақстандық дзюдошылар Душанбедегі жастар Гран-приінде екі алтын медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Қазақстандық дзюдошылар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан жастар арасындағы Гран-при жарысын сәтті бастады. Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама өкілдері екі алтын және бір қола медаль иеленді.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген бұл турнирге 19 елден 227 спортшы қатысып жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде Сейтжан Маметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарса, Мұхаммедали Жылқайдар 66 келіге дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды. Ал 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ұлбосын Абдукаримова жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Душанбеде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жастар арасындағы Гран-при турниріне 22 спортшымен қатысуда. Олардың 13-і ерлер, тоғызы әйелдер. 2026 жылғы 24-25 қазанда өтіп жатқан Hoji Sharif Dushanbe Junior Grand Prix жарысы Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жас спортшыларға арнап әзірлеген жаңа форматтағы халықаралық жарыстардың бірі

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу