Елена Рыбакина Нинбода чемпиондық атағын қорғап қалды

Елена Рыбакина Нинбодағы турнирде қатарынан екінші жыл чемпион атанды

Елена Рыбакина Нинбода чемпиондық атағын қорғап қалды ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған қазақстандық теннисші финалдық кездесуде Канада өкілі, дүниежүзілік рейтингте 30-орында тұрған Лейла Фернандеспен кездесті. Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Теннисшілер кортта бір сағат 17 минут өткізді.

Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы үш эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын қорғап қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу