Даниил Медведев Almaty Open турнирінің чемпионы атанды

Жарыс 17-25 қазан аралығында Almaty Arena корттарында өтті.

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің чемпионы атанды ашық дереккөзден

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған әрі турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы ретінде тіркелген Даниил Медведев финалда Грузия өкілі Николоз Басилашвилимен (ATP рейтингінде 128-орын) кездесіп, үш сетте жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:7 (6:8), 6:1, 6:3.

Финалдық кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Алғашқы сетте Басилашвили фаворитке лайықты қарсылық көрсетіп, тай-брейкте басым түсті. Алайда екінші партияда Медведев ойынды өз бақылауына алып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Шешуші сетте де ресейлік теннисші басымдығын сақтап, матчты 6:3 есебімен аяқтады.

Кездесу барысында Медведев 22 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және брейк-пойнттардың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Басилашвилидің еншісінде үш эйс пен үш қос қателік бар.

Алматыдағы жеңіс Даниил Медведев үшін 2026 жылғы маусымдағы төртінші титул болды. Осылайша, ресейлік теннисші ATP рейтингінде 250 ұпай иеленді.

Жұптық сында чемпиондық атақты Үндістан өкілі Юки Бхамбри мен америкалық Райан Сеггерман жеңіп алды. Олар финалда аустриялық Лукас Мидлер мен Нил Оберлайтнерді ұтты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу