Қазақстандық дерби: Юлия Путинцева Токиода Елена Рыбакинаға қарсылас атанды

Юлия Путинцева Токиодағы турнирдің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық дерби: Юлия Путинцева Токиода Елена Рыбакинаға қарсылас атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Toray Pan Pacific Open-2026 турнирінің екінші айналымында Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесті. 

Тартысты өткен кездесу үш сетке созылып, қазақстандық теннисшінің 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойыншылар кортта 2 сағат 26 минут өткізді.

Матч барысында Путинцева бір эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ. Сонымен қатар жеті брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ал Мария Саккари эйс жасай алмай, бес рет қос қателік жіберді және бес брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Екінші айналымда Юлия Путинцеваны тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесу күтіп тұр. 1/8 финалдық матч ертең, 28 қазанға жоспарланған. 

Айта кетейік, жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асатын турнир 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтуде. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу