Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бағдат Сабаз Қазақстан құрамасының грек-рим күресінен қоржынына үшінші жүлдені салды.

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Астанадағы «Барыс Аренада» грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола медаліне ие болды.

Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әзербайжандық Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен жеңді.

Аталған салмақта Иран өкілі, Олимпиада чемпионы Саид Эсмаили алтын медаль иеленді. Финалда ол Өзбекстан балуаны Айтжан Халмахановтан басым түсті. Халмаханов күміс жүлдеге ие болса, екінші қола медаль Куба өкілі Луис Орта Санческе бұйырды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу