«Барыс» Минскіде «Динамоны» жеңді

Елордалық ұжым тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы ойындар сериясын жалғастыруда.

«Барыс» Минскіде «Динамоны» жеңді ашық дереккөзден

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Минскінің «Динамосымен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Атаналық клуб бұл кездесуде шабуыл шебіне өзгерістер енгізді. Сондай-ақ Кирилл Ляпунов, Асанәлі Сәркенов және Бейбарыс Оразов құрамға қайта оралды.

Матчтың алғашқы екі кезеңінде алаң иелері сәл басымдық танытқанымен, «Барыс» қарсы шабуылдар арқылы қауіпті сәттер ұйымдастырды. Кездесудегі жалғыз голды Семён Симонов соқты. Ол 40-минутта Семён Масси мен Майкл Мореллидің нәтижелі пасынан кейін есеп ашып, командасына жеңіс сыйлады.

Үшінші кезеңде «Динамо» есепті теңестіруге бар күшін салды. Алайда «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов бастаған астаналық хоккейшілер қарсыластың шабуылдарына төтеп берді. Шутов матч барысында қақпасына бағытталған 28 соққыны қайтарып, осы маусымда үшінші рет қақпасын голдан аман сақтады.

Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 30 қазанда Санкт-Петербургте жергілікті «Дракон» командасына қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу