Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық дербиде Елена Рыбакина жеңіске жетті.
Getty Images
Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өзара мықтыны анықтады.
Қазақстандық дербиде әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.
Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Юлия Путинцева бір эйс орындағанымен, өзіне берілген жалғыз брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.
Айта кетейік, әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Путинцева турнирді іріктеу кезеңінен бастаған. Ол іріктеуден сәтті өтіп, жарыстың екінші айналымына дейін жетті.
Елена Рыбакина ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Канадалық теннисші бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті 6:3, 6:2 есебімен жеңген.
1/4 финалдық матч ертең, 30 қазан күні Қазақстан уақытымен 10:30 басталады.