Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирден шығып қалды
Бүгін Токиода Елена Рыбакина Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жарысты жалғастырудан бас тартты.
Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. Әлемдік рейтингтің бірінші сатысында тұрған қазақстандық спортшы бүгін, 30 қазанда ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді. Алайда жарақатына байланысты матчқа шықпайтын болды.
Осылайша, Фернандес жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Рыбакина мен Фернандес соңғы бір аптада екінші рет кездесуі керек еді. 25 қазанда қазақстандық теннисші Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында канадалық қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен жеңген.
Токио турнирінің жартылай финалында Лейла Фернандес Өзбекстан өкілі Камилла Рахимовамен кездеседі. Жартылай финалдық матч 31 қазан күні Қазақстан уақытымен 10:00-де басталады.