Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасын жеңіспен бастады

Дакар бұл жарысты қабылдаған Африка құрлығындағы алғашқы қала атанып отыр.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасын жеңіспен бастады ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жағажай волейболынан сынға түскен отандастарымыз жарысты сәтті бастады.

С тобындағы алғашқы кездесуінде Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Сауд Арабиясының Вафи Әл-Джасир мен Әли Әл-Ауами жұбымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Тартысты бәсеке 21:13, 21:7 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанған.

Сонымен қатар бүгін, 31 қазан Астана уақытымен 22:30-да Дакарда жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Супығалиева мен әлемдік доданы жеңіспен бастаған жағажай волейболының өкілі Әлихан Ағабек алып шығады.

Фатима Супығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол 2026 жылы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. Спортшының еншісінде 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі де бар.

Жалпы, Қазақстан атынан жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрінен 18 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтуде.  

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу