Қазақстандық жас теннисшілер Францияға есе жіберді
Құрамамыз келесі кездесуін АҚШ теннисшілеріне қарсы өткізеді.
ашық дереккөзден
Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Junior Davis Cup Finals турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін Францияға қарсы өткізіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты.
Жекелей сында Аңсар Ниетқалиев Бенуа Гелдофқа 3:6, 3:6 есебімен жол берсе, Ахмади Маханов Пабло Прадаттан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Ал жұптық бәсекеде Аңсар Ниетқалиев пен Родион Трайгель франциялықтар - Бенуа Гелдоф пен Жозеф Фитуссиге 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық теннисшілер топтық кезеңдегі келесі кездесуін 3 қарашада АҚШ құрамасымен өткізеді. Ал 4 қарашада Үндістан командасымен сынға түседі.
Айта кетейік, турнирге әлемнің 16 үздік жасөспірімдер құрамасы қатысып жатыр. Әр топтан үздік екі команда ширек финалға жолдама алады.