Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Жарыс 2027 жылдың ақпан айында өтеді.
ашық дереккөзден
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы Ұлттар лигасының С дивизионында Армения және Черногория құрамаларымен бірге 6-топта өнер көрсетеді.
Турнирдің үшінші маусымы 2027 жылдың ақпанында басталады. Қатысушылар 2026 жылғы Еуропа іріктеу кезеңінің қорытынды рейтингіне сәйкес үш дивизионға бөлінді. А және В лигаларында 16 командадан, ал С лигасында 22 құрама бақ сынайды. Бұл қатарда әйелдер арасындағы халықаралық турнирге алғаш рет қатысатын Сан-Марино да бар.
С лигасындағы алты топтың жеңімпазы тікелей В лигасына көтеріледі. Екінші орын алған екі команда да жоғары дивизионға жолдама алу үшін В лигасының үздік үшінші орын иегерлерімен плей-офф өткізеді. Қалған құрамалар өз дивизионындағы орнын сақтайды.