Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты

Турнирдің жүлде қоры 283,347 АҚШ долларын құрайды.

Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің негізгі кезеңін жеңіспен бастады.

Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған отандасымыз алғашқы айналымда 282-сатыдағы жапониялық Мэй Ямагучимен кездесіп, екі сетте 6:4, 7:5 есебімен басым түсті. Тартысты матч 2 сағат 1 минутқа созылды.

Кездесу барысында Құламбаева 10 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланып, жалпы 150 ұпайдың 83-ін иеленді.

Жібек Құламбаева негізгі кезеңге іріктеу сайыстары арқылы жолдама алған еді. Енді ол ширек финалға шығу үшін жапониялық Моюка Учижима мен турнирдің үшінші ракеткасы, польшалық Магда Линетт арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. 

Айта кетейік, 2 қараша күні басталған турнир 8 қарашаға дейін жалғасады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу