Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Ел біріншілігі биыл Тараз қаласында өтуде.

Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалына шықты ашық дереккөзден

Бүгін бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күні әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

54 келіге дейінгі салмақта Алматы қаласының өкілі Назым Қызайбай Шымкент боксшысы Жайна Шекербековамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қызайбай финалға жолдама алса, Шекербекова қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы тағы екі салмақта финалға шыққан боксшылар белгілі болды. 57 келіде Қарағанды облысының өкілі Алина Құдайгенова жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде Түркістан облысының боксшысы Ұлжан Сәрсенбек финалға өтті.

Ал 75 келіде Жасмин Қизатова жекпе-жекке шықпайтын болды. Нәтижесінде финалға Азиза Исина жолдама алды.

Әйелдер арасындағы жартылай финалдық бәсекелер жалғасуда. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу