«Қайрат» УЕФА жасөспірімдер лигасының үшінші кезеңіне өтті

«Қайрат» U-19 алғаш рет тарихи жетістікке қол жеткізді.

«Қайрат» УЕФА жасөспірімдер лигасының үшінші кезеңіне өтті ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» клубының жасөспірімдер командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының екінші кезеңінде Венгрияның MTK клубынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Алматыда өткен қарымта кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Матчтың 53-минутында Данияр Ташпулатов есеп ашса, араға төрт минут салып Қайсар Малаев алматылықтардың басымдығын еселей түсті. Алайда кездесудің соңына қарай венгриялық команда 81 және 83-минуттарда екі гол соғып, есепті теңестірді.

Соған қарамастан, екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайрат» 5:3 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін сырт алаңда өткен алғашқы матчта алматылықтар қарсыласын 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Енді қазақстандық команда УЕФА жасөспірімдер лигасының үшінші кезеңінде Чехияның U19 санатындағы «Градец-Кралове» клубымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу