«Қайрат» Бергамода «Аталантамен» тең түсті

Алматылық ұжым 1 ұпайға ие болды.

«Қайрат» Бергамода «Аталантамен» тең түсті ашық дереккөзден

«Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында Италияның «Аталантасымен» сырт алаңда тең түсті. Бергамода өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы голы екінші таймда соғылды. 53-минутта Марк Гуаль қазақстандық клубты алға шығарды. Алайда 82-минутта алаңға қосалқы құрамнан қосылған Никола Крстович есепті теңестіріп, италиялық командаға бір ұпай сыйлады.

Кездесу барысында «Қайрат» қорғаныста тамаша ойнап, қарымта шабуылдарда қауіпті сәттер жасауға тырысты. Дегенмен матч соңына қарай «Аталанта» таразы басын теңестіре алды.

«Қайрат» Конференция лигасындағы келесі матчын 26 қарашада өз алаңында швециялық «Мьельбюге» қарсы өткізеді. Ал «Аталанта» дәл осы күні сырт алаңда босниялық «Борацпен» кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу