Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатының финалына шықты

Финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатының финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай Катар астанасы Дохада өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатында финалға жолдама алды.

Отандасымыз әйелдер арасындағы скит сайысының іріктеу кезеңінде 125 мүмкіндіктің 121-ін дәл орындап, үздік сегіз спортшының қатарына енді.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Зоя Пискун мен Ольга Хайлова да қорғады. Алайда олар финалға өте алмады. Зоя Пискун 117 ұпай жинаса, Ольга Хайлова 101 ұпаймен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Әсем Орынбай стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшыларының бірі. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатында командалық сайыста қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдеге қол жеткізген.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу