Қазақстандық жас теннисшілер Дэвис кубогында өнер көрсетті
Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында 9-16-орындар үшін бақ сынайды.
ашық дереккөзден
Мысыр астанасы Каирде теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңіндегі топтық бәсекелер аяқталды.
Қазақстан құрамасы D тобында Франция, АҚШ және Үндістан командаларымен сынға түсті. Ұлттық құрама сапында Ахмади Маханов, Аңсар Ниетқалиев және Родион Трайгель өнер көрсетті. Қазақстандық теннисшілер топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін Франция құрамасына қарсы өткізіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Екінші ойын күнінде АҚШ командасымен кездескен отандастарымыз да қарсыластарына есе жіберді. Бұл жолы да командалық есеп 0:3 болды.
Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы Үндістан теннисшілерімен жолықты. Үндістан өкілдері үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы D тобында үшінші орын алып, жарысты 9-16-орындар үшін жалғастырады. Енді отандастарымыз келесі кезеңде Астралия құрамасымен кездеседі.