«Оқжетпес» УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсетеді
«Оқжетпес» алғаш рет еурокубокке қатысады.
ашық дереккөзден
«Оқжетпес» клубы келесі маусымда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Көкшетаулық клуб мұндай мүмкіндікке Қазақстан Кубогының финалында «Ордабасының» «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңуінің арқасында ие болды. Егер бүгінгі матчта «Қайсар» жеңіске жеткен жағдайда, қызылордалық клуб УЕФА Конференция лигасына жолдама алар еді.
Айта кетейік, шымкенттік команда бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған болатын. Сондықтан Кубок финалындағы жеңіс «Ордабасының» еурокубоктегі орнын өзгерткен жоқ. Ал ҚПЛ-2026 маусымын төртінші орында аяқтаған «Оқжетпеске» тарихи мүмкіндік бұйырды.
Осылайша, келесі маусымда «Ордабасы» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал алматылық «Қайрат», «Астана» және «Оқжетпес» Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.
Көкшетаулық клуб үшін бұл айтулы жетістік. «Оқжетпес» өз тарихында алғаш рет еурокубок додасында Қазақстан намысын қорғайды.