Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне қатыспайды

Турнирге қатысудан бас тартқанына қарамастан, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет маусымды әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде аяқтайды.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне қатыспайды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатыспайтын болды. Ұйымдастырушылардың ресми мәліметінше, спортшы вирустық инфекцияға байланысты жарыстан бас тартқан. Рыбакина әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде биылғы маусымның қарқынды өткенін және қазіргі уақытта жарысқа қатысуға дайын емес екенін жеткізді.

«Жанкүйерлеріме және мені қолдайтын жандарға биылғы WTA қорытынды турниріне қатыса алмайтынымды хабарлау маған оңай емес. Мен үшін бұл ерекше маңызы бар жарыс. Маусым өте сәтті өтті. Алайда қазір физикалық тұрғыдан жарысқа қатысуға дайын емеспін. Үйде біраз уақыт демалып, күш жинап, 2027 жылғы маусымға дайындалуды жоспарлап отырмын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Наурыз айында Индиан-Уэллс турнирінде кездескенше», - деді теннисші.

Қазақстандық спортшының орнына жарысқа Украина өкілі Марта Костюк қатысады. Ол бүгін, 8 қарашада чехиялық Линда Носковамен кездеседі. Сондай-ақ бұл топта америкалық теннисшілер Коко Гауфф пен Джессика Пегула өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанған еді. Биыл ол чемпиондық атағын қорғауы тиіс болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу