Қазақстандық велошабандоз жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті

31 қазанда басталған байрақты бәсеке 13 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстандық велошабандоз жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті ашық дереккөзден

Қазақстандық велошабандоз Глеб Новиков Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы топтық жарысты 22-орынмен аяқтады.

Қазақстан құрамасының өкілі 76,5 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтті. Ол жарыс жеңімпазынан 59 секундқа қалып қойды.

Жарыс қорытындысы бойынша бельгиялық Даан Вилмсен алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі 1 сағат 47 минут 4 секунд. Күміс жүлде ресейлік Степан Бортникке бұйырса, үздік үштікті аустралиялық Калеб Маккензи түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Айнегов триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын. Ал дзюдошы Фатима Супығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге екі медаль бар. Еліміздің атынан жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрінен 18 спортшы бақ сынап жатыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу