Жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары: Қазақстандық үстел теннисшілері Стамбулдағы халықаралық турнирге қатысады
Әлемдік рейтингтің үздіктері Стамбулда бас қосады.
ашық дереккөзден
10-15 қараша аралығында Түркияның Стамбул қаласында үстел теннисінен «WTT Contender Istanbul 2026» халықаралық турнирі өтеді. Жарыс «Ata Sports Center» спорт кешенінде ұйымдастырылып, жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.
Турнирге әлемдік рейтингтің үздік 50 спортшысының қатарына кіретін бірқатар теннисші қатысады. Олардың қатарында Дания өкілі Андерс Линд, Франция спортшысы Тибо Поре, Қытай теннисшісі Чэнь Юаньюй, Швеция өкілі Элиас Ранефур, Үндістан спортшысы Манав Тхаккар және Англия теннисшісі Том Джарвис бар.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Жапония өкілдері Хонока Хасимото, Мию Нагасаки және Миа Хирано, Румыния спортшылары Бернадетте Сёч пен Элизабета Самара, сондай-ақ Корея өкілі Чжу Чхонхи және Қытай теннисшісі Цинь Юйсюань өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасы сапында турнирге Фанг Бо, Сарвиноз Миркадирова, Искендер Харки және Темирлан Джиенбаев қатысады.