Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Беларусьпен кездеседі

Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Беларусьпен кездеседі ашық дереккөзден

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Беларусьпен кездеседі. Алтыншы топтың төртінші турындағы ойын Словакияның Гуменне қаласында өтеді. 

Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Астанада Беларусьті 5:4 есебімен жеңген болатын. Ал беларустар екінші матчта Албаниядан 8:2 есебімен басым түсті.

Қазір алтыншы топта Қазақстан мен Беларусьтің еншісінде үш ұпайдан бар. Қазақстан құрамасы әзірге бір ғана матч өткізсе, Беларусь екі кездесуге қатысқан. Ал Албания ұпай жинаған жоқ.

Бұл ойыннан кейін Какау бастаған команда топтағы қалған екі кездесуін Албанияға қарсы өткізеді. Алдымен 2026 жылғы 9 желтоқсанда Алматыда ойнаса, 2027 жылғы 2 наурызда сырт алаңда кездеседі.

Топ жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік төрт команда іріктеудің элиталық кезеңіне тікелей жолдама алады. Қалған сегіз команда келесі кезеңге шығу үшін плей-офф матчтарын өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу