Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады

8 қараша басталған турнир 15 қарашаға дейін жалғасады.

Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады ашық дереккөзден

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Индиан-Уэльсте өтіп жатқан 2026 жылғы WTA қорытынды турниріндегі алғашқы кездесуінде чехиялық Каролина Мухованы жеңді.

Әлемнің екінші ракеткасы жетінші орында тұрған қарсыласын 7:6 (7:2), 7:5 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 54 минутқа созылды.

Айта кетейік, биылғы жарысқа әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина қатыспады. Ол вирустық инфекцияға байланысты турнирден бас тартты. Теннисші әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде маусымның қарқынды өткенін және қазіргі уақытта жарысқа қатысуға дайын емес екенін жеткізді.

Рыбакинаның орнына турнирге әлемнің оныншы ракеткасы, украиналық Марта Костюк шақырту алды.

Биылғы WTA қорытынды турниріне маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысуда.

Өткен жылы Елена Рыбакина турнирдің чемпионы атанған еді. Қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңген болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу