Қазақстан мен Намибия спорт саласында келісімге келді

Алдағы уақытта Намибия делегациясы Қазақстанға келіп, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің жұмысымен танысады.

Қазақстан мен Намибия спорт саласында келісімге келді ашық дереккөзден

Қазақстан мен Намибия Ұлттық Олимпиадалық комитеттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы аясында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Намибия ҰОК басшысы Ндеулипула Хамутумва қол қойды.

Келісім Намибия тарапының бастамасымен жасалды. Тараптар спортты басқару, ұлттық құрамаларды даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында бірлесіп жұмыс істейді.

Атап айтқанда, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, жаттықтырушылар мен спорт мамандарының біліктілігін арттыру, спорт медицинасы және допингке қарсы күрес салаларында ынтымақтастық орнату жоспарланған. 

Айта кетейік, еліміздің атынан Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрінен 18 спортшы бақ сынап жатыр. Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге екі медаль бар. 31 қазанда басталған байрақты бәсеке 13 қарашаға дейін жалғасады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу