«Канело» Хатчинсонмен жұдырықтасуы мүмкін

Екінші орта салмақта WBC белбеуін қайта иеленген 36 жастағы «Канело» жартылай ауыр салмаққа көтерілуді көздеп отыр.

«Канело» Хатчинсонмен жұдырықтасуы мүмкін ашық дереккөзден

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, WBC чемпионы Вилли Хатчинсонмен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы оның бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мәлімдеді, деп хабарлайды allboxing.

«Хатчинсон - мықты қарсылас. Ол Канелоның келесі жекпе-жегіне үміткерлердің бірі», - деді Рейносо ESPN Knockout арнасына берген сұхбатында.

Альварес 2019 жылы Сергей Ковалевті жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы атанған. Алайда 2022 жылы Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды. Енді мексикалық боксшы осы салмаққа қайта оралуы мүмкін.

Рейносоның айтуынша, Альварес келесі жылдың наурызында Riyadh Season жобасымен жасалған келісімшарт аясындағы соңғы жекпе-жегін өткізеді. Қазір тараптар келісімді ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу