Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына іріктеуде Беларуське есе жіберді

Кездесу Словакияда өтті.

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына іріктеуде Беларуське есе жіберді ашық дереккөзден

Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде күтпеген жерден Беларусь құрамасына ірі есеппен есе жіберді. Гуменне қаласында өткен негізгі кезеңнің алтыншы тобындағы кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойын барысында қарсылас команда басымдық танытып, Қазақстан құрамасының қақпасына бес гол соқты. Владислав Селюк 7-минутта есеп ашса, Алексей Пинчук 10-минутта, Виталий Шадурко 13-минутта мергендік танытты. Ал 29-минутта Сергей Крыкун есеп айырмасын ұлғайтты. Кездесудің соңғы минутында Сергей Синицкий бесінші голды соқты.

Қазақстан құрамасы сапынан Ринат Төреғазин 40-минутта бір голмен жауап қайтарды. Алайда бұл нәтиже ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болды. 37-минутта Эдсон алаңнан қуылып, ұлттық құраманың жағдайы одан әрі қиындады. 

Айта кетейік, қос команда бұған дейін Астанада кездесіп, Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал Беларусь құрамасы екінші матчында Албанияны 8:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Осылайша, үш ойыннан кейін Беларусь құрамасы алты ұпаймен алтыншы топтың көшін бастады. Қазақстан екі матчтан кейін үш ұпаймен екінші орында тұр. Ал бір ойын өткізген Албания әзірге ұпай жинаған жоқ.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 желтоқсанда өз алаңында Албанияға қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу