Қазақстандық былғары қолғап шеберлері жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
Финалдық жекпе-жектер 12 қарашада өтеді.
ашық дереккөзден
Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалда украиналық Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Бибарыс Әшірбай да финалға шықты. Ол жартылай финалда мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдық танытты.
Осылайша, қос бокшымыз да жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін бақ сынайды. Ақнұр Тұрсынғалидың финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болса, Бибарыс Әшірбайдың қарсыласы кейінірек анықталады.