Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы есепте төрт медаль бар.

Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Марал Төлепберген қола жүлдеге қол жеткізді. 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Маралдың қарсыласы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі финалға жолдама алды. Ақнұр Тұрсынғали финалда бразилиялық Сара Кампоспен кездессе, Бибарыс Әшірбай да алтын5а таласады. Бокстан финалдық жекпе-жектер бүгін, 12 қарашада өтеді.

Айта кетейік, 31 қазанда басталған байрақты бәсеке 13 қарашаға дейін жалғасады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу