Любовь Юн - жастар Олимпиадасының қола жүлдегері

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтуде.

Любовь Юн - жастар Олимпиадасының қола жүлдегері ашық дереккөзден

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында таеквондодан финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Любовь Юн Сербия спортшысы, биылғы әлем чемпионатының финалисі Эма Зецировичке 0:2 есебімен жол берді. 

Жастар Олимпиадасының медалі араға 16 жыл салып Қазақстанға қайта оралып отыр. Соңғы рет 2010 жылы Сингапурда өткен алғашқы Жастар Олимпиадасында Нұрсұлтан Мамаев күміс жүлдеге ие болған еді.

Еліміздің атынан жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрінен 18 спортшы бақ сынап жатыр. Әзірге ел қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу